Бас парақ > XVIII ғасыр > СЫРЫМ БИ
СЫРЫМ БИ25-10-2014, 15:55. Орнатқан: arystan |
Сырым Датұлы қазақ тарихындағы елеулі қайраткердің бірі. 1783-1797 жылдардағы отарлауға қарсы және ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы. Сырым батыр қуғун-сүргінді көріп, әр қилы жағдайда елден ұзақ уақыт жырақ жүрген. 1802 жылы қайтыс болған. Әділет үшін арпалысқан, халқының қамын кра бастың мұнынан жоғары қойған ер жастайынан-ақ шешен-шежірілігімен көзге түскен, билікке араласқан. Ер аузында Сырым есіміне байланысты айтылатын аңыз әнгіме, шешендік сәз, билік тоқтам, әлен-жыр көп сақталған. Мысалы, «Сырым сазы» күйі батырдың көтеріліс басталар алдындағы ішкі жан тербелісін аңғартады. Сырымнн әкесі Дат тәір әйелге үйленеді. Одан Сырым туады. Елдің ақмсақалдары: - Сенін атың бір қоя салған ат еді-ау, есіміңе несібең сай емес,-деп Датты келеке етіп жүреді. Сырым 22 жасқа толғанда Байбақты руын аралайды. Сонда ағайындары қаумалап Нұралы ханның Есім атты баласы Ақмоншаө деген атын ылауға деп алып, екі жылдан бері қайтармағанын айтады. Сұрай барса: - Құлаққа –құлақ, тұяққа –тұяқ, ал да бітіс,-дейді Сырымға ел-жұрты. – Сол Ақмоншақты сұрап Нұралы ханға бар. Ақмоншақ күллі Байбаұтың атын шығарған ат еді, -дейді7 - Ол ит берсе жақсы, бермесе тегін қайтпаспын,-деп Сырым аттанып, Нұралы ханның үйіне түседі. Хан жөн сұрайды. - Сіздің баланыз Есім менің айғырымның Ақмоншақ деген атын алған екен. Сол аттың сүйегі болса да алып қайтайын деп келіп едім,-дейді. Нұралы хан Есімді шақыртып алады. - Мына Сырым атын сұрай келіпті, қайтар! - Сырымға ат керек болса, құлаққа –құлақ, тұяққа –тұяқ, алсын да бітсін. Сырым ұшып түрегеліп: - Менің еститімім осы ма еді, - деп Есімге тура ұмтылыды. Нұралы хан ара түсіп баласына: - Ей, Есім, сен түсін. Мына Сырымның үлкен әкесін – Шолан батырды біздің төрелер қылыштап өлтірген. Бұл соғысқалы келіп жүр екен. Бер атын! –дейді. Есім келіспейді. Сырым аттанып кетеді. Нұралы хан оның артынан қуғыншы жіберіп: - Келіп үйге қонақ болсын, атын алсын, - дейді. - Атана нәлет хан, бір тай үшін есігіне барып екі енкейсем-ау, - деп Сырым каһарланады. – Айтып бар,қонақ болар күнімді өзім хабарлаймын! Сырым ағайындарына келіп: - Атты әкеліп берсе алындар, әкеліп бермесе, енді атты сұрамандар, - дейді. Осы оқиғадан кейін Сырым желмаяға мініп, Нұралы ханды шабамын деп, Сарыарқаның қазағынан көмек сұрай шығады, сойтіп жүргенде қариялар: - Осының қолынан бірдеме келе ме, келмей ме? Бақай сыншының алдына апарып, сынынан өткізейік, - дейді акылдасып. Бақай сыншы мен Сырым екеуі кездеседі. Бақай сыншы: - Ей, Сырым! Жоқтан бар болдың Айырдан нар болдын Қамқа тон тозды Боздан бурыл озды Сен осыған жауап берші?- дейді Сонда Чырым батыр былай жауап қайтарыпты: - Ей, Бақай ата! Жоқтан бар болсам, құдайдын құдіреті шығар. Айырдан нар болсам, атам үлкен болған шығар. Анадан қыз озса, шіркіндігі болар. Атадан ұл озса еркіндігі болар. - Ей, Сырым , әкен Дат ожар еді. Шешен қайратты да қараторы еді. Күндіз келген 20 кісіні, түнде келген 20 кісіні қонақ қылып аттандырушы еде, депті Бақай сыншы. - Ей, Бақай ата! Әкем Дат тентек болса болған шығар. Шешем күндіз 20 кісіні, түнде келген 20 кісіні қонақ қылып аттандырса, қырықтын бірі қыдыр деген, онда мен қыдырдан жаралған болармың. «Өзін өзі езген ит Өзен бойын кезген ит Өзі болған жігіттің Түп атасын қазған – ит» - дейді Сырым. Бақай Сышы сөзден женіліп, Сырымға ат мінгізіп, шапан кигізіп, қонақ етіп аттандырған екен. ................................................................................................... Сырым батыр үйіне қонып отырған кәдірменді қонағы Тәленді биден: - Биеке! Қазақтың өонағы неше түрлі болады?- деп сұрапты. - Қазақтын қонағы төрт түрлі болады: бірінгшісі – арнайы қонақ, екіншісі - құдайы қонақ, үшіншісі - қыдырма қонақ, төртіншісі – кылқыма қонақ. - Ал оны қалай айырамы? – дегенде: - Арнайы қонағымыз – алстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың, немесе достарың, жақсы жролдас- жораң. Міне, бұл – нағыз сыйлы өонағың. Құдайы қонағымыз – өзін танымайтың, білмейтін шалғай елдең, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл – нағыз сауап қонағын. Қыдырма қонағымыз – ерігіп те желігіп, үйден үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз андып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ. Міне, бұл – нағыз далбаса қонағын. Қылқыма қонағыныз – үй арасындағы, ауыл ішіндегі түзу шыққан үйді торып,өзінің құлқыны үшін ауызына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденен қонақ. Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың, - депті көпті көрген көне би Төленді қарт. ................................................................................................................................. Бірде Нұралы хан Сырымға шабарман жіберіп: - Торы көп пе, төбелі көп пе? Сырым осы екі түстің қайсысын қалайды екн? – деп сұратыпты. Батыр кідірместен: - Торы тоқсан тоғыз, төбелі бір. Торысы – менікі, төбелі хандікі, - депті. Мұның мәнісі: халық – аттың торысындай көп, ақсүйектер – аттын төбелісіндей аз, мен көппен біргемін дегені екен. ................................................................................................................................. Сырымның жауабы Сырым батыр бір сапарында Үргеніш ханына сәлем бере барады. Сырымның батырлығын, шешндігін «ұзын құлақтан» жақсы білетін хан оны сынамақ болып, өзінін ең жақсы шешенімен айтыстырады. Шешен сонда Сырым батырға мынадай сұрақ қояды: - Дау мұраты не? Саудагер мұраты не? Қыз мұраты не? Жол иұраты не? Сырым батыр сәл ойланады да оған: - Дау мұраты-біту, Саудагер мұраты – ұту, Қыз мұраты – кету, Жол мұраты – жету, - деп жауап қайтарады. Сырым батырдың тапқырлығына риза болған Үргеніш ханы оны жақсылап қонақ етіп, ат мінгізіп шығарып салады. ............................................................................................................................... Сырым бидін батасы Сырым батыр алты серігімен жол жүріп келе жатып, атақты Мөңке бидің ауылына жолығады. Би кенже баласын үйлендіріп, құда шақыру жоралғысын орындау үстінде екен. Мөңке құдайы қонақтардың келгенін естісімен жігіттеріне оларды өзі отырған үйге түсіруге әмір береді. Астан сон қонақтарына қарап: «бата етіп жібер» дегенде айтқан ақ тілегінің соңын Сырым: - Алты шаңырақтың іргесі ажыраспасын! Әумин! Әумин!- деп аяқтайды. Батадан кейін құда: - Мен мына құдайы қонақтң батасын түсінбей отырмын. Бұл кісі: «Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын» дейді. Қонақтардың өздері – алты адам, алтауы – алтауы алты шаңырақтың иесі. Сол алты шаңырықтың іргесінің ажыраспауын айтып отырма? Болмаса осы жерде алты ақ шатыр тігулі тұр. Алтауының алты шаңырағы бар. Осылардың іргесінің ажыраспауын айтып отырма?- деп сауал қояды. Сонда Мөңке би Сырымды нұсқап : - Алты жасында алды дауыл, арты құйын атанған Сырым би бұгінгідей қуанышымыздың үстінен тап келіп отыр. Ал енді бидің батасын айтайын. Құдай қаласа, біз ағайын болғалы отырмыз, екуміздін балаларымыз қосылып, ата жолын ілгері жалғастырмақшы. Сенің балаң маған келін болып түседі. Ол үш шаңыраққа ие болады. Біріншісі – қайын жұрты, екіншісі - нағашы жұрты, үшіншісі – төркін жұрты. Сол сияқты менің балам саған күйеу болады, ол үш шаңыраққа ие. Олар – өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Демек, екі бала қосылғанда алтышаңырақ шығып тұр. Осы алты шаңырақтың іргесі ажыраспаса, онда біздің ағайындығымыздың мәнгіге кеткені. Осы аталған алты шаңырақ ажыраспса, сол алты шаңырықты құрып отырған алты рулы елдің татылығы артып, алты алашқа құдайдың бергені емес пе? Сізбен бізге келешек шаңырақ иелеріне де қажеттісі осы емес пе?- дейді. ................................................................................................... Тұз сасыса не себеді? Ел аузында қалған аңызға қарағанда, котеріліс женіңілгеннен кеиін Сырым өзінің соңынан ерген елге екі –үш жыл тұзсыз тамақ ішуге, биеге айғыр салмауға, інгенді қайытпауға, басқа ұсақ-түліктерді де күйектен өткізбеуге жарлық таратқан екен. Бұл қазақ атаулыға мәлім жай. Асан қайғыда жау тиіспейтін, дұние бүлініп, адам қазаға ұшырамайтын Жерұйық іздерде осындай жарлық таратыпты дейтін аңыз бағзы заманнан бар-ды. Сырым батырдың мойны алыс, жолы қыйыр өлкеге елді бастап әкеткелі жүргенінен хабардар болған Бөкен би: «Маған бір рет соғып, сәлем беріп кетсін»- деген сәлем айтыпты. Қарабаудың есентемірі Бөкен бидің жасы сол күнде тоқсанға келген екен. Ел сөзіне араласудан әлдеқашан қалған қария қандай кенес айтқалы оқталды екен деп, Сырым біршама уақыттан кейін Бекен биді іздеп барыпты. Бұның келгенін көрген қарт басын көтеріп: - Шырағым Сырым, көптен бері біле алмай жүрген бір сауалым бар еді. Соған жауап таба алмай өліп кетсем, ішімде кетеді-ау деп, сенен сұрауға оқталған едім, - депті. - Сұраныз, - депті Сырым, - Білсем- жауап берейін. - Ендеше, сен айтшы: ет сасыса не себеді? - Туу, соны сұрақ деп. Ет сасыса , тұз себеді-дағы. - Ал, тұз сасыса – не себеді? Сырым соны естігенде, азырақ ойланып қалыпты. Содан кейін: - Сірә, сіздің жағыныз қаусайтын күн бола ма? – деп тұрып жүре беріпті. Осыдан кейін Сырым: «Қой, елді жылы орнынан суытып, басқа елге көшіремін дегенім – қате екен. «Көппен көрген – ұлы той». Не де болса туған жерде күнкөріс күйттеп көреміз-дағы» - деген тұжырымға келген екен. ................................................................................................................................. Бірде алыс сапардан үй ішін сағынып келе жатып, ауылына жақындағанда, Сырым жолдастарына: - Қаттырақ жүріндер, бүгін ауылға жетіп қонайық,-дейді. Сонда жолдастары Сырымға естірпеген болып әжуалап: - Басқа кісі асықса дұрыс, ал осы Сырым қай сұлуына асығып келеді екен?- -депті. Бұл сөзді құлағына шалып қалған Сырым: Жігіттер, әйелді әйел деп қорсынбандар, Әйелсіз ерге күй бітпейді Қойды қой деп қорсынбандар, Қойсыз елге үй бітпейді, Әркімнің мінген аты – өзіне тұлпар, Әркімнің сүйген әйелі өзіне – сұнқар, - деп желе жөнеліпті. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------- Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан, баланы шақырып алып: - Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді? – дейді. - Тақсыр, даланың отыны – олжа, суы – нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу – ұрлық, - деп жөніне жүре береді. --------------------------------------------------------------------------------------------------------- Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны, теңгере алмадың, біреуді-біреу шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың» депті. Нұралыға тағы бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре беріпті. Сонда Нұралы: - Батыр, сәлем бергін келмейді, тасып жүрсің-ау,- депті. - Хан, тасып жүргенім жоқ, қара қазақ баласының басын қоса алмай жүрмін,- депті. ................................................................................................................................ Сырым Үргеніш ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымнын атағын сырттан қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісі деп естиді екен. Сол жолы Үргеніш ханы Сырымды өз шешенімен айтыстырыпты. Үргеніш шешені: - Намазды жан- жағынызға қарай береді екенсіз. Оныңыз не? – деп сұрайды. Сырым: - Жан жағыңызға өзініз қарамасаныз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? – деп жауап беріпті. Үргеніш шешені: - Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы женді ме? – дейді Сырым: - Өзгенің сөзін тыңдамай, өз бетімен кете беретін адам Сырымды күнде жеңеді, -депті. Үргеніш шешені; - «Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген, сіз – қонақсыз, өз елінізге барғанда, біздің халықты қандай ел көрдім деп барасыз? – дейді. Сырым батыр сонды: Ешкісі семіз, қойы арық, Мал сорлысы сонда екен, Жері сортаң, суы ашшы, Жер сорлысы сонда екен. Қатыны семіз, ері арық, Ел сорлысы сонда екен, - деп барамызда, өтірік айтам ба?- депті. .................................................................................................................... Сырым елдің барымтаға кеткен малын даулауға Хиуа хандығына бармақшы болыпты. Кіші жүздің белгілі адамдары: - Барма, мал бермес, өзіне бір қатер қылар, - деп сақтандырады. Сырым олардың айтқанына болмай қасына Дәуқараның баласы Есқара батырды алып, Хиуаға барыпты. Хиуаның ханы: - Малың жоқ шығар, болса береміз,- деп деген сөзбен жуатып көп жүріпті. Хан Сырымды қайткен күнде де не істен, не сөзден мұқатуға әрекет жасай беріпті. Бір жиында көппен бірге мешіт намазына Сырым да шақырылып, жолына сиырдың жас жапасын тастапты.Сырым жапаны абайламай басып, мешітке келіп кіргенде хан тұрып: - Қонақ аяғында нәжіс бар екен, - дейді. Сонда Сырым: - Хиуа, бұқар шариғаттың ашылған жері екен десем, аяққа нәжіс басылған жері екен ғой, - деп жауап береді. ...................................................................................................................... Сырым батыр елден сырғып, Хиуа хандығында жүрсе, бір той үстінде мақтанған Хиуа ханы Сырымға: - Қазақта ас-мас, ат-мат, жігіт-мігіт деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі не? – деп сұрайды. - Сұрағыңызға тойдан кейін жауап берейін,-дейді Сырым батыр. Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді. Жолдасы палуан күресінде жығып, бәйге алады. Тойдын ойын-қызығы бітіп, жұрт тарқар алдындаСырым ханның манағы сұрауына былай деп жауап қайтарады: - Бізде той жасағанда жұртқа қой сойып – құйрық, жылқы сойып – қазы тартады. Сусынға қымыз береді. Соны «ас» дейді. Ал мынандай тастабаққа салып тартқан шөп-шалам мен сусынға берген шайды «мас» дейді. Сәйгүлік жарысында озып келген жүйрікті «ат» дейді, артында қалған тұғырды «мат» дейді. Алқа топтың алдында алдында палуан жарысқа түсіп, алып ұрған ерді «жігіт» дейді, жер қауып жығылған еркекті «мігіт» дейді. Қазақтың «ас-мас», «жігіт-мігіт», «ат-мат» дейтін жалғас сөздердің мағанасы осы, жан ием. .............................................................................................................................................. Сырым батыр бір жолы Бұқарға барады. Сол күні молдалар мешітте жұма намаз оқып жатыр екен. Сырым мешіт жанынан өтіп бара жатса, бір молда келіп: - Ей, жолаушы, намазға тұр,- деп Сырымды ертіп апарып, ишанның артына тұрғызып қояды. Батыр неден бастарын білмей, аузына түскенін айта береді: «Көндермеске көндірген құдай, көрінгеннің артына төндірген құдай......» дей бергенде, оны артта тұрған молда естіп, Сырымды нұқып қалады. Сырым да алдында тұрған ишанды желкеден бір түртіп қойса керек. Намаз оқып болған соң ишан: - Мені ұрған кім? – деп сұрайды. - Мен, - дейді Сырым. - Е, неге ұрдың? - Мен сахарада бетіммен қазақ едім. Мына кісі менә намазға тұрғызып қойды. Не дерімді білмей, күбірлеп тұр едім, артымнан түртіп қалды. Намаз кезінде алдынғысын ұратын әдет шығар деп, мен де сізді түртіп қалып едім, - дейді Сырым. Сонда ишан: - Сахара қазағын әкеліп намазға тұрғызған найсап, - деп молданы айыптап, арқасына шыбық ұрғызыпты. ..................................................................................................................... Бірде ас артынан жұрт бата сұрағанда, дінге селқос қарайтын Сырым женінің ұшымен бетін сипай салады. Сонда қатар отырған молда Сырымға қарап: - Бата оқылып, қол жайғанда алақанға нұр құйылады, қолмен бетті сипағанда Алланың нұры адамның денесіне тарайды. Сондықтан бата қылғанда қолды женнен шығарып көтеру керек, - дейді. - Ой, молдеке-ай, қайдағы жоқты айтады екнсіз. Алланың нұры жеті қат жерге жетіп тұрғаны рас болса, менің жалаң қабат женімнен өтпейді дейсіз бе?- деп Сырым тұрып кетіпті. Кері қайту |