Бас парақ > XVIII ғасыр > САРЫ ӘЖІБЕК

САРЫ ӘЖІБЕК


25-10-2014, 15:53. Орнатқан: arystan
Бақтыбай баласы Сары Әжібек он төрт жасында билік айтқан екен. Үйсін, Тобықты екі ру Шу өзенінің шұрайлы жайылымына таласып, аралары бүлінер болған соң, дауды шешуге екі жағы да би сайлап, солар не десе соған көнбек болады. Ақсақалдардың үйғаруымен тобықтылар Құнанбай, үйсіндер Сары Әжібекті сайлапты. Екеуінің айтыстағы билігін тыңдауға екі рудың жақсылары жиналып, екі биді жеке шығарып отырғызыпты. Сары Әжібекті Құнанбай баласынып, сойлескісі келмейді. Үйсіндер бұдан басқа биіміз жоқ дегенсің, Құнанбай амалсыз көнеді. «Екі шалдың ортасында бір бала дана болады, екі баланың ортасында бір шал бала болады» деуші еді, сондықтан даудың билігін мен айтамын дейді Сары Әжібек. Көпшіліктен рұқсат алған Сары Әжібек:

Мен белгілі елімнің Сарысымын,
Ұлы жүздін Сары Әжібек дәрісімін.
Маңдайыиның бағы бар,
Таңдайымның дағы бар.
Ал сен өзің кім екеніңді білемісің?
Ау, Құнанбай, бір көзіңнің ағы бар,
Ат төбеліндей Тобықтылығың тағы бар.
Сен дуан басы болып билік айтқанда
Мен Үйсіннің сөзін айтпайтұғын
Не кемдігім бар?
депті.
- Уа бала, сөзің орныды, билігін өзің айтшы,- депті Құнанбай.
- Өз бауырыма тартпайын, «Сары табақтан сарқыт қайтады» деген бар. Шу өзенінің оң жағын Үйсін, сол жағын Тобықты жайласын, менің билігім осы,-депті Сары Әжібек. Екі рулы ел осы билікке ризаласып тарасыпты.


Кері қайту