Бас парақ > XVIII ғасыр > МӨНКЕ ШЕШЕН

МӨНКЕ ШЕШЕН


25-10-2014, 15:48. Орнатқан: arystan
Жиылған көпшілікке Мөнке би жұмбақ айтыпты:
Кермиық кеңесінен қалды,
Шалқасқа шабысынан қалды,
Қотыр теке қой бастады,
Тауқұдірет ел бастады,
Ханы қайғылы болды,
Биі бүкірейіп болды,
Атадан ұл озды,
Анадан қыз озды,
Сол уақыттағы қамқа тон көнеріп тозды.

Ешбір жұмбағын шеше алмаған соң өзі сөйлеп кетіпті:

Кермиық кеңестен қалса,
Ақылынан танған шығар.
Шалқасқа шабысынан танса,
Аузынан шалған шығар.
Қотыр теке қой бастаса,
Қожа, молданы құдай ұрған шығар.
Хан қайғылы болса,
Халықты жеп, қарны шемен болған шығар.
Биі бүкір болса,
Сөзі азып-тозған шығар.
Атадан ұл озса, еркін шығар,
Анадан қыз озса, шіркін шығар.
Сол уақыттағы қамқа тон көнеріп тозса,
Асылдығы кеткен шығар.
.....................................................................................................................
Бір жігіт Мөнке биді бір көруге құмар болып, іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөнке:
- Түлкім, жоғары шық, - дейді.
Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде Мөнке:
- Сыншым, сөйле, - дейді. Жігіт түсінбей отыра береді. Жігіт кетер кезде:
- Жыршым, енді рұқсат, үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт! –дейді.
Жігіт сауал қояды:
- Сіз маған үш сқз айттыңыз. Осы түспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзегеніңізді айтып берсеніз.
Мөнке сонда былай деп жауап қайтарыпты:
- Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай бастайды. Сыншым дегенім сол. Қонақ үйден аттанғанда көрген-білгенін жыр қылып айта жұреді. Жыршым дегенім – сол.
......................................................................................................................
Бірде Мөнке би өз қатарымен ойын-тойда отырғанда бұрын қалжындаса беретін бір құрдасы:
- Би-екем сарқытын маған берді! – деп көпіре берсе керек. Оны анау- мынау әңгімемен қойдыра алмасын білген Мөңке:-
- Сарқытын бергенде қасында тағы кімдер болды? – деп сұрапты.
- Е, ешкімде болған жоқ, дейді мақтаншақ.
- Енді саған бермей, итке тастасын ба? – депті.
Сонда құрдасы:
- Биден басқа әңгіме құрыппа, қойсақ қайтеді? - депті

Кері қайту