Бас парақ > XVIII ғасыр > ЖАНКІСІ БИ
ЖАНКІСІ БИ25-10-2014, 15:24. Орнатқан: arystan |
Жанкісі би (1772-1849) қазіргі Алматы облысының Балқаш көлі маңында тұрған. Кейін Сыр бойына көшіп барады. Қоқан жендеттерінің қолынан қаза табады. Жас кезінен өлең сөзге құмар болып өскен. Өз заманының ділмар билерінің бірі атанған, қарасөзге дес бермеген, мықты ақын болған. Қоқан ханына айтқаны Ассалаумағалейкум, Алдияр, тақсыр ханымыз! Алдыңа келді қарашың Арызды қабыл алыңыз. Өтірік болса арызым, Мінеки, сізге жанымыз. Өзіңіз қосқан зекетші, Біздің елде Жүзбай бар, Жүзбайдың жүрген жерінде, Жылау менен ойбай бар. Және мұның жолдасы Қаратамыр Дадан бар, Еріп жұрген соңында Қырық-отыздай адам бар. Шоңмұрын деген молдасы бар. Төлеген деген жорғасы бар. Атына жемді салуға, Алты еннен қылған дорбасы бар. «Келу түбім» деп алады, «Кеусенім» деп алады, «Отыра зекет» деп алады, «Құшақ зекет» деп алады. Арқадан келген сор Найман, Ат-таң болып қалады, Айтайын десен ұрады, Ұрмақ түгіл, қырады, Қаумалаған көп момын, Қорлаушыдан құтылар Амал-айла таба алмай, Қарайды да тұрады. Алдына салып айдайды, Ашулансан байлайды, Әкімі жоқ қазаққа, Теңдік жоқ деп ойлайды, Алса малға тоймайды. Біз жыласақ, ойнайды. Ел үшінде ажарлы, Қыз-қатынды қоймайды. Жақсыларды сөгеді, Ат үстінен тебеді, Жүрексініп отырмын, Айтар сөзім көп еді... Кері қайту |