Бас парақ > Көпшілікке > ШІЛДЕХАНА ТОЙЫНДА БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР
ШІЛДЕХАНА ТОЙЫНДА БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР5-08-2012, 18:56. Орнатқан: arystan |
Амандық берсін басқа, Береке берсін асқа. Тілектес болып жасқа, Ақ бата берейік сізге. Шөбере-шөпшек көретіндөй. Жастарың жетсін жүзге. Ия, Құдайым оңласын, Әнбие, аруақ қолдасын. Өміргө келген нәресте, Ата-әжесінің қуаты болсын, Ата-анасының мұраты болсын. Өмірі ғұмырлы болсын, Білімді, өнерлі болсын. Көптің қамқор тірегі болсын, Аузы дуалы, сөзі жүйелі болсын. Жігіттің данасы, елдің ағасы, Алтын тонның жағасы болсын! ................................................... Құтты болсын бесігің. Артық болсын несібің. Дастарханың жайылып, Ашық болсын есігің. Құтты болсын бүгінгі, Шілдехана тойларың. Тілектерің қабыл боп, Орындалсын ойларың. ........................................................ Құтты болсын туған күн, Кіндігіңді кесіп ап, Жібек жіппен буған күн. Шілдехана суымен Алғаш рет жуған күн. Орап ал да жөргекке, Белден жайлап буған күн. Ақ сүтін асыл ананың, Емірене емген күн. Әкең келіп төбеңнен, Тебірене төнген күн. Қуанған ел-жұртың, Көрімдігін берген күн. «Кімге тартты екен» деп, Бетіңді ашып көрген күн. Туған күнің жыл сайын, Жүз жыл бойы тойлансын. Өсіп үрім-бұтағың, Арманыңа жете бер. Өмір шексіз көк теңіз, Тоқтамастан кеше бер. .................................................. Кері қайту |