Бас парақ > Көпшілікке > ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР

ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА БЕРІЛЕТІН БАТАЛАР


5-08-2012, 18:51. Орнатқан: arystan
Ия Алла, хазірөті Мұхаммед!
Тілегімізді қабыл ет,
Ниетімізді кәміл ет,
Рахым-шапағатыңды нәсіп ет.
Бір Құдай өзі оңласын,
Оң жолына бастасын.
Әулие-әмбие, аруақ,
Жебеп, демеп қолдасын.
Кәрім - құран бағыштап,
Ықыласпен берген астарың.
Аман болсын бастарың,
Ұзақ болсын жастарың.
Ақ ниет, ақ тілек қабыл болсын,
Қыдыр дарып, бақ қонсын.
Пейіл ақ, қарын тоқ болсын,
Достарың көп, дұшпан жоқ болсын.
Алла тірілерге ризық берсін,
Өткендерге имам берсін.
Әнбие - әруақтар жебеп жүрсін.
Қыдыр Әликсалам демеп жүрсін.
Басқа бас қосылсын,
Жасқа жас қосылсын.
Әумин дөп қол жайған,
Ниет қабыл, мұрат асыл болсын!

..........................................................
Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені,
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар,
Мерейі биік елдегі.
Аруақтар қолдасын,
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да,
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп ұрпақтың,
Ашық болсын аспаның.
...................................
Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың тойға ұласып,
Жан-жүрегің толғансын,
Күннен-күнге көбейсін,
Дос-жараның, жолдасың.
Бақытың тассын әманда,
Бергенін тәңірі алмасын!
Өміріңді ұзартып,
Балаң менен немерең,
Шөберең мен шөпшегің,
Туажаттар жалғассын!

Кері қайту