Бас парақ > Көпшілікке > БЕТАШАРДАН КЕЙІН БЕРІЛЕТІН БАТА

БЕТАШАРДАН КЕЙІН БЕРІЛЕТІН БАТА


5-08-2012, 18:39. Орнатқан: arystan
Айналайын, жас келін,
Жұмыртқадан ақ көлін.
Ақ отауға бақ келін,
Жақсылыққа жақ келін.
"Құт қойшының таяғынан,
Жақсы келіннің аяғынан",
Дегендей қазақ атамыз,
Сендерге ақ батамыз.
Жаратқан ием жақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Ұзақ ғұмыр жасың болсын,
Өсіп-өнер басың болсын.
Мінезің сынық, мәйін болсын,
Үлкендерге сәлемің дайын болсын.
Тіл қысқа, сөзің аз болсын,
Қабағың ашық, жүзің жаз болсын.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңнан бақ кетпесін,
Отауларыңнан құт кетпесін. .
Ақ алғыс, ақ батамен өсіп-еніп,
Жастарын жүзге кетсін!

Кері қайту