Бас парақ > Бала, бесікке қатысты > БАЛАҒА (СӘБИГЕ) ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР

БАЛАҒА (СӘБИГЕ) ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАР


6-08-2012, 20:37. Орнатқан: arystan

• Сәби алып отырған біреудін үстіне сиіп қойса, құт келеді деп қуанады, немесе балаң көп болады деп жұбатады.
• Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды.
• Бала қаспақ жесе оның үйлену тойында жаңбыр жауады.
• Баласы шымыр болсын деп әйелге сағыз шайнатады.
• Бала ортан жіліктің майын жесе бала мейірімсіз болады.
• Егер бір үйде қыз туыла берсе келесі бала ұл болсын деп оған ұлдын атын қояды.
• Баланың мойыны тез және түзу бексін деп оның шілдеханасына сойған қойдың омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.
• Шала туған баланы тымаққа салып, неше күн кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.
• Қалы үлкейіп кетпесін деп қалымен туған балаға Қалдыбай, Қалдыгүл деп ат қояды.
• Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
• Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай істейді. Сондай жамандық болмасын деген ырымы.
• Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты еңбегінде болады.Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса миы зақымданады, өміріне қатер төнеді деп жориды.
• Бесікке қолданып жүрген түбекті, шүмекті төңкермейді. Себебі, түбек пем шүмек нәрестенің рахаты үшін жасалған мүліктер. Оны төңкеріп қойса, ішіне кір жабысады, от басына қойса қурап семеді, соңдықтан таза жуып, күн көзіне қақтау керек, әйтпесе бала қуығы тұтылып ауырады деп ырымдалады.
• Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады. Сол жейде сол бақытты сақтайды деп жориды. Әуелі, бұрыңғы заманда дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып алып жүрген. Себебі сол жейде қауып-қатерден, пәле-жаладан сақтайды деп ырымдаған.
• Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені, сәбидің меселдесі қайтпасын, көңілі қайтпасың, көңілі қалмасың, жүрегі суымасын, келер бақыттың беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл шаңырақта бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады. "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген мәтел осындайда пайда болған шығар.
• Сәбилер тоңқайып, екі аяғының арасынан қараса – жақсы нысанға баланады. «Жолаушы келеді», «Жол ашылады», « Алыстан туыстар қатынасады» деп қуанысады.
• Қазақ баласы жаңа көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені, өңдірдің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң – көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады.
• Қазақ баласы – бастау басына, бұлақ қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ, сол бұлақ сол бастау деп біледі. Сондықтан істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң арың кірленеді, абыройың төгіледі деп ырымдалады. «Бұлақ көрсең көзің аш»
• Қазақта жалғыз ұл балаға жамау–жамау киім кигізіп, төбесіне айдар қояды. Онысы – балаға жат көзді сұғы қадалмасын, тіл тимесін дегені.
• Тұнғыш баланы алыс сапарға той жасап аттандырады. Тойға үлкен-кішінің бәрі жиналады. Бала үлкендерден бата алсын, жолы ашылсын, маңдайы жарылып қуансын, сапарға жарқын жүзбен аттанса, ғұмырлық сапары да сәтті болады деп ырымдалады.
• Баланы сыпыртқымен, көсеумен ұрмайды. Бұндай істегенде балаға пәле жабысады, қырсық шалады деп ырымдалады.
• Тай мініп, өзінің сүндет тойына шақыра келген баланың қолына тәтті ұстатып, тайының жалына шүберек байлап: «Жол болсын, той құтты болсын!» деп жол көрсетеді.
• Баласы тоқтамай өле берген немесе түсік тастай берген әйел бір баланы аман-есен туа қалған жағдайда жеті әйелдің бұтының арасынан өткізіп алып, оған Жетпісбай деген ат қояды. Онысы ғұмыр жасы ұзақ болсын,артынан өзіндей ұл мен қыз әрби берсін деп ырымдаған.
• Қазақта балаға кекіл қояды. Шашын тегіс қырып тастайда да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Жиегін тегістеп қояды. Ол кекіл деп аталады. Кекіл баланы ажарландырады. Соған орай баланы еркелетеді. Аттың да маңдайындағы бір шоқ түгін кекіл деп атайды. Кекіл баланы тіл көзден, сұқтан, пәле-жаладан қағады деп есептелінеді.
• Қазақ баласы айға телміріп ұзақ қарамайды, түнде жұлдыз санамайды. Айда бір кемпір бар, айға телміріп қарасаң, әлгі кемпір сенің кірпігінді санайды, кірпігі саналған адам қазаға ұшырайды деп жориды.
• Жас балалы әйел дәметеді деп, бұл үйге кіретін кісі дәм ала келеді. Дәметіп қалса омырауы іседі деп ырымдаған. Емшекте баласы әйелдің омырауы іссе, бір қарт ана жаңа піскен нанды қойныңа тығып келіп сонымен аластайтын болған.
• Баланың қарын шашын алған соң, тастай салмай, сақтап қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай толғанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтау керек деп есептеген.
• Балаға сойылған малдың бүйрегімен өпкесін жегізбейді. Қуырдаққа басқа етпен қосып жеуіне болады. Тек өзін ғана бала сылт, ушыл, жалқау, өпкелегіш болып кетеді деп жорылаған.
• Қыз балаға кәрі жілік ұстатпайды. Егер қыз кәрі жіліктің етін жеп, мұжыса – болашақ күйеуі кәрі, қақсал болады деп жорыған
• Жаңа туған нәрестені құттықтап, шашу алып барғанда шикі етті қоспау керек. Шикі ет өлімнің нышаны, жаман ырым.
• Сәби нәжісін жеп қойса, жоғалған нәрсені тапқыр болады.
• Бала көкжөтел болса, көк ат мінген жолаушының жолын тосып «көлденеңді көк атты, көкжөтелдің емі не?» деп сұраған. Ол нендей ем айтса ауру балаға соны қолданады.
• Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды. Немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан келмейді, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған.
• Балаға асықтың етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсақ та, асықтын етін мүжіме» деген мәтел бар.
• Жас балаға кеңірдек жегізбейді, келіншегін жалаңаш келеді немесе жалаңаш күйеуге барасың деп қорқытады.
• Ұрысқақ боласын деп көмекей жегізбейді.
• Тіл ұшын жесең, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдалған.
• Таңдай жесе шешен болады.
• Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе, немесе олар сәбидің ауызына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар.
• Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады.
• Жаңа туған баланың кіңдігі қатқанша, күн батқаннан кейін үйден күл шығармаиды. Егер күл шығарылса, нәрестенің денсаулығы нашарлайды.
• Бала қырқынан шыққанша, түнде алып жүрмейді. Нәрестенің бетіне ай сәулесі түсуі мүмкін.
• Бейуақытта баланың киімін далаға жаймайды.
• Баланы ожаумен ұрса, ырыс-несібе кетеді.
• Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.
• Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
• Қыз балаларға дөрекі сөз айтуға болмайды. Бұл - әдепсіздік белгісі.
• Қыздардың ұлдарды тебуіне болмайды. Бұл көргенсіздік болып саналады.
• Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.
• Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.
• Үйге келген кісіге төрден орын беру керек.

• Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
• Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.
• Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып, аластап шығады.
• Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы - ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.
• Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, 37 - 39 күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, 42 - 44 күнде қырқынан шығарады. Бұл - ұл баланың қалыңдығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.
• Сәби шалқасынан жатып алаңсыз ұйықтаса - елте белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп жатса - уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса -ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса - болашақ батыр, кемеңгер болады.
• Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
• Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, қырсық, кесір болып өседі.
• Баланың орайы екеу болса, екі рет үйленеді, немесе екінші рет тұрмысқа шығады.
• Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
• Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді.
• Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.
• Балаға қарғыс өтпеу үшін үш кемпірдің бұтының арасынан өткізіп алады.
• Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне ескі киім кигізеді.
• Бойына бала бітпей жүрген әйел баланың ит көйлегін ырым етіп қалап алады.
• Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.
• Сәбидің аяғын басып тез жүріп кетуі үшін тұсауы кесіледі.
• Нәрестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретіңде жыланбас, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Сәбиге «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді.
• Баланы асырап алғанда ер балаға -асықты жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.
• Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келді деп қуанады.
• Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді.
• Бала тұрмай, шетіней берген жағдайда оны басқа адам өтірік сатып алады.
• Әйелдің екіқабат кезінде жерігі қанбаса, баланың аузынан су ағып жүреді.
• Әйел, не еркек жұмыс істеп жатқан үйге келгенде, қолғабыс жасамаса, баласының белі бүкір болады.
• Бала алғаш жолға шыққанда тоқымқағар жасап тойлайды.
• Сәби анасынан ұстап отырып емсе -сараң, еркін отырып емсе - мырза, жомарт болады.
• Сәби көзін ашып ұйыктаса, жары сұлу болады.
• Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетін, екі алақаны мен табанын жуса, тәуір болып кетеді.
• Көз жара шыққан балаға сойған малдың немесе құстың көзінің суын жақса, жазылып кетеді.
• Бала тілін шығарса, тіл келеді, яғни хабар келеді деп жориды.
• Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып бір қойды сойып, соның ішегімен буындырады.
• Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді.
• Перзентсіз ерлі-зайыптылар мойнына көгеннің бұршағын салып бала тілейді.
• Бала қаспақ жесе, үйлену тойында жаңбыр жауады.
• Баланың мойны тез және түзу беку үшін оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.
• Шала туған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.
• Қалы, меңі үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыбай», «Қалдыгүл», «Мендігүл», «Анарбай», «Анаргүл» деп ат қояды.
• Сәби өз үйіне «ассалаумағалейкүм» деп кірсе, ол үйге кешікпей қонақ келеді.
• Сәби қолыңдағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.




• Нәрестені қырқынан шығару

• Қазақта нәрестенің иткөйлегін шешкен күні, яғни қырқынан шығарғанда ауылдағы әйелдер жиналады. Иткөйлекті шешкен соң, оған тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөлісіп алады. Иткөйлекті ырым деп, баласы жоқ әйелге береді. Онысы – барлық адамды қуантатын баласы көп болсын дегені.

Кері қайту